Премьер-министр Alatau City туралы: Қала дамуының негізгі қағидаттары жаңа Конституция жобасына енгізілді
primeminister.kz мәлімдеуінше ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобалар, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, құқықтық экожүйе және адами капиталды қалыптастыру мәселелері қаралды.

Қазіргі уақытта қалада өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларында 44 жобадан тұратын жалпы 1,8 трлн теңге көлеміндегі инвестициялық портфель іске асырылуда. Жобалар 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Инженерлік инфрақұрылым бойынша энергия, су, газбен жабдықтау және жол салу бағытында кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қалада Iconic Complex көпфункционалды кешені мен KAIST Kazakhstan технологиялық университеті салынуда.
Адами капиталды дамытуда Шэньчжэнь, Дубай және Сингапур тәжірибесі ескеріліп, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған жүйе енгізілуде.
Қаланың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тұжырымдамалық жоспар, даму стратегиясы және дербес нормативтік актілер әзірленіп, Жедел комитет арқылы үйлестірілетін болады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



