Ресми

Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтайтын іргетас – Үнзила Шапақ

 

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ  онлайн марафонда пікір білдірді. 

Сурет Amanat партиясы

«Қолданыстағы Конституциянының преамбуласы мен жаңа преамбулада үлкен айырмашылық бар. Оған назар аудару туралы бұған дейін бірнеше рет айтылып жүрді. Біріншіден, қолданыстағы Ата заңды қабылдаған кезде азаматтардың ұстанатын құндылықтары, саналық деңгейіне байланысты жазылды. Уақыт өте келе біз өзіміздің өткенімізді зерделеп, байырғы қазақ жерінде болған мемлекеттердің мұрагері екенімізді заңды түрде бекіту үшін құжат халықтың мүддесіне бағытталып, жаңа көзқараспен жазылды», – дейді ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button