Білім

Прагадағы мерей

Қарағандылық зерттеушілер абырой биігінде! Чехия астанасы Прагада «Ғылым мен білім берудің қазіргі даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен еді. «Мәдениеттану» бағыты бойынша өз зерттеулерін Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тау-кен факультетінің студенттері ұсынған. Зерттеу жұмыстары үздік деп танылып, дипломдармен марапатталды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

І дәрежелі дипломмен Дарья Кормилицына және Алина Кобякова марапатталды. Маржан Нұржан мен Адия Тохметова II дәрежелі диплом алды. Олардың зерттеу жұмыстарына қазылар алқасы жоғары баға беріп, қатысушылардың болашағы жарқын екеніне сенім білдіріпті.

Алина Кобякова алған әсерімен бөлісті.

– Мұнда талқыланған тақырыптар өзіме бұрыннан таныс. Оқыдық, іздендік. Кез келген білім сайысында тапқырлық та керек. Кейде оқығаның ештеңеге жарамай қалады. Сол кезде ізденіспен шыңдалған түйсік жарыққа алып шығады. Конференцияға осал қатысушы келген жоқ. Бәрі озық ойлы. Озаттардың арасында үздік атанғаныма қуаныштымын, – деді Алина Кобякова.

Ғылыми жетекші – Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Евгения Ивлева.

– Шәкірттерімнің қабілетін білемін. Олар жеңіске жету үшін ұзақ дайындалды. Шәкірттерім ел абыройын биік еткені үшін мақтанамын! Келешекте бұдан биік белестерді бағындыратындарына сенімім зор! – деді Евгения Ивлева.

Студенттер өз жұмыстарында мұражайлардың қоғам үшін рөлін, мәдени бірегейлікті қалыптастыруды талдады. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жә­не технологиялық факторлардың мәдениеттің дамуына әсері қарастырылды.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button