Бас тақырыпКоронавирус
Польшадан гуманитарлық көмек келді
Бүгін елімізге Польшадан гуманитарлық көмек келді. Олардың арасында «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар және князь Любомирский Қоры сыйға тартқан компьютерлер бар.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында елімізге АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келген. Сондай-ақ, Қазақстанға тәжірибе бөлісу мақсатында қытайлық дәрігерлер келді. Ал, Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония дәрігерлері қазақстандық әріптестерімен онлайн режимде тәжірибе алмасты.