Ресми

Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келеді

Ол ОСК-ға бірнеше рет жүгінген.Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болуға ниет білдіріп, бірақ одан бас тартты,- деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясы.

«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Польша азаматшасы Балли Мажец бірнеше рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып сайлауға қатысу өтінішімен жүгінеді. Польша азаматына Конституцияда және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар бөлігінде қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді», – делінген хабарламада. 

ОСК Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес қырық жасқа толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл өмір сүрген және жоғары білімі бар республика азаматы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алатынын хабарлайды. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес Президент болып сайлау үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс екенін хабарлайды.

Басқа материалдар

Back to top button