Жаңалықтар

Полиция және медицина қызметкерлеріне жаңа көліктің кілттері тапсырылды

Бүгін Теміртау қаласында құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне жаңа көліктің кілттері табысталды. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Жаңа көліктер Qarmet компаниясының демеушілігімен сатып алынған. Көліктер Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қаласының мекеме мамандарына берілді.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

– Біз тарихи сәтті бастан өткеріп жатқанымыз туралы айтуға болады. Аймаққа өзінің үлкен әлеуметтік бағдарламасы бар жаңа инвестор келді. Осы жұмыстың бастамасы ретінде мамандандырылған арнайы көліктер беріліп отыр. Металлургия комбинаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде ерекше орын алатыны қуантады, – деді Ерлан Құсайын.

Жаңа автокөліктерді Qarmet компаниясы аймақ қызметкерлеріне сыйға тартқан. Полиция қызметі үшін 10 бірлік техника, ал, жедел жәрдем қызметі үшін 5 бірлік Chevrolet және JAC маркалы көлігі берілген.

– Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесіне қаншалықты көңіл бөлетінімізді сіздер білесіздер. Бұл тек комбинатқа немесе шахталарға ғана қатысты емес, қала ішіндегі қауіпсіздік те маңызды. Аз да болса да біздің қосып жатқан үлесіміз, сіздердің атқарып жатқан ауыр қызметтеріңізге пайдалы болады деп үміттенеміз, – деді Qarmet компаниясының бас директоры Вадим Басин.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button