Жаңалықтар
Полицейлер облыс тұрғынынан марихуана тәркіледі
24 қарашада Шахтинск ІІБ патрульдік полиция взводының жасағы қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында кезекшілікте жүріп, гараждардың бірінің маңында жас жігітті байқайды. Қызметтік көлікті көрген ол әлдебір пакетті лақтырып жіберіп, қашпақ болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Теміртау қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Оның лақтырған пакеті де табылды.

Тексеру барысында пакеттің ішінен ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті зат табылды. Сараптаманың қорытындысы бұл заттың салмағы 1,94 грамм марихуана екенін анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ