АймақЖаңалықтар

Полицейлер құны 10 миллион теңге тұратын вейптерді тәркіледі

Қарағанды облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құны 10 миллион теңгеден асатын электронды темекі (вейп) партиясын тәркіледі.

Суреттер: ПД

Полицейлер 24 жастағы жігіт басқарған көлікті тоқтатып, оны тексеру барысында жалпы саны 1 627 дана 15 қорап электронды темекі (вейп) тапқан. Полицейлердің айтуынша, заңсыз тауардың бұл партиясы сатуға арналған.

– Заңсыз электронды темекі сатты және таратты деген күдікпен 21 мен 24 жас аралығындағы үш адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарға заңнаманы сақтауды және заңсыз саудамен айналыспауды ескертеді, – деді ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда никотинді тұтынудың электронды жүйелерін (вейп), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтарды айналымға шығаруға тыйым салатын заң қабылданған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button