Басты тақырыпЖаңалықтар

Полинаның оқуын компания міндетіне алды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Шахан кентінде көп қабатты үйдің құлау салдарынан зардап шеккендерге 36,7 млн. теңге материалдық көмек көрсетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылары төтенше жағдайда құрбан болғандардың туыстарымен кездесті. Компания қызметкерлері үй құлағанда жақындарынан, туыстарынан айрылған отбасыларына материалды көмек көрсетуге ниет білдірді. Компания және оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері 12 055 200 теңге қайырылымдылық жасады, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы 24 644 800 теңге бөледі. Негізгі сома қаза тапқан компания қызметкерлерінің туған-туыстарына, ал ақшаның бір бөлігі – басқа зардап шеккен 11 отбасына бөлінеді» деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Апатта қайтқан В.Андропов және В.Галышев соңғы жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек еткен көрінеді. Сонымен қатар, баспасөз қызметі компанияның қайғылы оқиғада қаза болған Андроповтар отбасынан аман қалған жалғыз 7 жастағы Полинаның орташа арнайы және жоғары оқу орындарында оқуын төлеп беруге ынта білдіргенін айтады. Компанияның бас директоры да бұл қайғыға ортақтастығын жеткізген.

  Парамжит КАЛОН, бас директор:

– АрселорМиттал Теміртау» АҚ атынан және жеке өзімнің атымнан Шахан кентінде болған оқиғаға қатысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл қайғыны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біздің ұжымның барлығы сіздердің қайғыларыңызға ортақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button