Бас тақырып
Пойыздар неге кешігеді?
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысында премьер-министрдің басшылығымен теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы пойыздың кешігіп келгеніне байланысты азаматтар тарапынан өтініштің артқанын баса айтты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев өз сөзінде:
– Пойыздардың кешігуі жолдарда жөндеу жұмыстарының жүргізілуінде. Кейінгі екі жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп түсіндірді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.