Бас тақырыпЖаңалықтар

Пойызда затыңызды ұмытсаңыз не істеу керек?

Пойызда немесе вокзалда зат ұмытқан жағдайда келесі әрекеттерді орындау қажет, деп хабарлайды  ortalyq.kz “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сурет “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі

Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуіне 10–40 минут болса, затты пойыз бригадасынан алуға болады. Ал, пойыз кетіп қалса, жолаушылар @jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасына немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне жаза алады.

Сондай-ақ вокзал кезекшісіне жүгініп, вагон нөмірін, орнын және заттың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш қалдыру керек. Қажет болса, затты жеткізу туралы да сұраныс беруге болады.

Табылған заттар пойыз бастығына тапсырылып, кейін вокзалда сақталады. Иесіне жеке куәлігі бойынша қайтарылады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button