Бас тақырыпЖаңалықтар
Пойызда босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген
Қайғылы оқиға Қарағанды стансасының маңында, Қызылорда-Астана бағытында келе жатқан жолаушылар пойызында 20 сәуірде болған.

Дабылды вагонның санитарлық аймағынан қан тауып алған кондуктор бірінші көтерген. Ол бүкіл дәретхананың қанға боялғанын байқап, не болып жатқанын анықтауға шешім қабылдайды. Дәретханадан қан ізімен жүріп отырып, купелердің бірінде көп қан жоғалтқан әйелді байқайды.Белгілі болғандай, жолаушы пойызда өз бетімен сәбиін дүниеге әкелген. Алайда ең сорақысы әйел жаңа туған нәрестесін пойыз терезесінен лақтырып жіберген.
Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі нәрестенің денесі табылып, бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.