Пойыз бен ұшақ билетінің бағасы қымбаттайды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында пойыз бен ұшақ билеті қымбаттайтынын айтты.

– Бұл өсім елеулі болмайды. Өйткені қосылған құн салығының бір бөлігі есепке алынады. Сондықтан біз мұнда күрт өсетінін көріп отырған жоқпыз. Ал нақты көлік қызметтері тарифіне келсек, менің ойымша, сіз қазір бағаны түсіріп жатқан бір де бір елді айта алмайсыз, – деді Роман Скляр.
Айтуынша, бұл жолғы қыбаттау көлік сатып алу құнының өсуімен де байланысты.
– Авиацияға келсек, сол Airbus A320 ұшағының құны 10 жыл бұрын 50 миллион доллар болса, қазір 70 миллион доллардан асатынын түсіну керек. Қосалқы бөлшектердің құны қымбаттады, әуе керосині қымбаттады. Бұл теміржол мен автомобиль көлігіне де қатысты, – деп түсіндірді вице-премьер.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА