АймақБұқар жырау

Плогтинг-жүгіріс

Ботақара кентінде 19 сәуірдегі жалпыоблыстық сенбілік кезінде бұрын-соңды болмаған экологиялық марафон-Плогтинг-жүгіріске қатысқандар көшелермен жүгіріп өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен “Арлан” спорт клубының қызметкерлері 2 шақырым жолында кезіккен қоқыс қалдықтарын қоса жинап, өзара бәсекелесті. Осы сында озық көрінгендерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бұл бастама одан әрі жалғасын тауып, ауданның өзге де елді мекендерінде өткізілетін болады.

Негізі, Плогтинг-2016 жылы швед экологы Эрик Альмстром бастамашы болған халықаралық қозғалыс. Ол сол жылы ел астанасы Стокгольм қаласына көшіп келгенде көше толы қоқысты көреді. Содан кейін өзі әр жүгірген сайын жолында жолыққан қоқысты қапшыққа салып, әкетіп отырған. Сөйтіп, спорт пен экологияны ұштастыру идеясы туған.

   Енді осы ауданда да таза Қазақстан мен табиғатты қорғау туралы спорттық мәдениетті қалыптастыру жолында тың бір қадам жасалды.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button