Жаңалықтар

Пітір садақаны онлайн төлеуге болады

Төтенше жағдай кезінде пітір садақа мен зекетті мешітке бармай-ақ,  kaspi.kz, myHalyk және qiwi мобильді қосымшалары арқылы онлайн төлеуге болады. Бұл туралы  ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Ершат Оңғаров мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, мобильдік қосымшаға облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің шоттары енгізіледі. Тұрғындар садақаларын осы шотқа аударады. Бұл қызмет түрі қазірдің өзінде қолжетімді. 

– Әзірге пітір садақа мен зекетті kaspi.kz, myHalyk және qiwi мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бірақ біз басқа да банктер арқылы жұмыс жүргізудеміз. ҚМДБ нақты бір банкті жарнамаламайды, бұл төтенше жағдай кезінде азаматтардың ыңғайлылығы үшін жасалып отыр, – деп атап өтті Ершат Оңғаров.

Биыл пітір садақа мөлшері бір адамға 370 теңгені құрайды.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан туралы барлық ақпаратты muftyat.kz ресми сайтынан алуға болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Хазрет Сұлтан мешітінің Instagram-дағы muslim.kz парақшасында ақпарат жарияланады. Рамазан басталысымен имамдар 15 минут сайын тікелей эфирге шығып, Құран оқиды. 
 

Басқа материалдар

Back to top button