Теміртауда «CUP-2024» жазғы пікірсайыс лагері ашылды. Бұл жерде 50 жас өрен және тәжірибелі сөз шеберлері өздерінің интеллектуалды әлеуеттерін ашып, шешендік қабілеттерін дамытады. Сондай-ақ, жас спикерлер жаңа білім алып, ойындарға қатысты.
– Бірінші күн облыстың бес тәжірибелі спикерінің тренингтері мен шеберлік сабақтарына толы болды. Оқыту екі тілде жүргізілді. Келесі күні турнир өтті. Қазақ лигасында 8 команда, орыс лигасында 16 команда бақ сынасты. Үздік спикерлер марапатталды, – дейді жоба жетекшісі Әйгерім Ержанова.
Ал, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Баян Мамитова лагерьде көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингін өткізді.
– Балалар үшін мұндай көшпелі пікірталастар, тренингтер мен турнирлер өткізу өте маңызды. Бұл – үлкен танысу алаңы. Олар жаңадан достар тауып, басқа атмосфераға тап болады. Мұның бәрі жақсы көңіл күй тудырады, оның әсерінен күш пен энергия пайда болады, өмірге деген көзқарас өзгереді. Бала өз қателіктерін байқайды, оларды түзетеді және өзі үшін жаңа нәрсеге үйренеді. Мұның бәрі жеке дамуға әсер етеді, – дейді Баян Мамитова
Пікірсайысшылардың «Cup-2024» жазғы көшпелі лагері Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша іске асырылатын жоба шеңберінде өткізілгенін айту керек.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ТЕМІРТАУ.
Ortalyq.kz