Жаңалықтар

Пікір алаңында – жалынды жастар

Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен 2020 жылғы 21 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасын іске асырудың БІРІНШІ КЕЗЕҢІН аяқтау аясында жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары арасында қашықтан (онлайн) түрде облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасында Карл Поппер форматы бойынша өтті.

 

Жобаның мақсаты –  Қарағанды облысының жастары арасында  азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани  құндылықтарды дамытуға бағытталған   пікірталас алаңдары, дебаттық турнирлерді жүйелі түрде өткізу арқылы  Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және  арттыра түсу . Жастар  арасында  пікірсайыс (дебат)  қозғалысын  дамыту, насихаттау  және қолдау;

Турнирге мектепшілік, аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептері мен мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары қатысты. Аталған ойынға барлығы 26 команда (қазақ лигасы 14 команда, орыс лигасы 12 команда) қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

I орын  қазақ лигасы Қарағанды қаласы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты,   «Алаш» командасы:

  1. Наурызбай Ұлжан
  2. Жақып Әмірлан
  3. Алтынмұрат Төлеген

I орын  орыс лигасы Қарағанды қаласы, №97 Гимназия  «Нирвана» командасы:

  1. Кулинич Евгений
  2. Раузер Георгий
  3. Аншакова София

ІІ орын қазақ лигасы Сәтпаев қаласы, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»  «Триумф» командасы:

  1. Бодыкова Диана
  2. Баяхметова Мөлдір
  3. Арыстанбекова Аружан

ІІ орын орыс лигасы Жезқазған қаласы, КГУ Гимназия №26 «Тандем» командасы:

  1. Гаврилова Анна
  2. Сафарова Зейнаб
  3. Иванова Анастасия

ІІІ орын қазақ лигасы Теміртау  қаласы, «№15 қазақ мектеп-гимназиясы»  «KazGym»  командасы:

  1. Бекболатқызы Шұғыла
  2. Баймұхан Шұғыла
  3. Жарылқасын Сымбат

ІІІ орын  орыс лигасы Балхаш қаласы, №4 ЖББОМ  «Жігер» командасы:

  1. Куликова Мария
  2. Маханова Руслана
  3. Огай Данил

«Үздік спикер» номинациясы бойынша:

          Сәтпаев қаласының, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»  «Триумф» командасының спикері Бодыкова Диана,

           Қарағанды қаласының «№97 гимназия» КММ «Нирвана» командасының спикері Раузер Георгий марапатталды. Финалисттер  мадақтамамен  марапатталды.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубокпен және   сыйлық сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.  Мұғалімдерге алғыс хаттар берілді.

 

Басқа материалдар

Back to top button