Жаңалықтар

Перинаталдық орталықтың пациенттеріне арналған SOS жүйесі енгізілді

Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығында дабыл түймелері пайда болды. Ал науқастарға арнайы білезіктер беріледі. SOS жүйесі медициналық көмек көрсетуді жеделдетеді.

– Біз жүйені екі апта бұрын енгіздік. Науқастар мен дәрігерлер оны жоғары бағалады. Білезіктер су өткізбейді. Сондықтан оны шомылған кезде де қолдана алады. Барлығы 123 білезік сатып алдық, оларды біздің орталыққа түскен барлық науқастарға береміз. Бұл өте ыңғайлы. Шақыру түскен соң қызметкерлер санаулы минуттарда жауап береді, – деді ОКА №2 перинаталдық орталығының жетекшісі Гүлбан Мамалинова.

Дабыл түймелері тек палаталарда ғана емес, сонымен қатар жуынатын бөлмелерде де орнатылған. Сигнал медициналық қызметкерлердің ұялы телефондарына түседі.

Перинаталдық орталыққа кіре берісте де шақыру түймесі бар, ол жерден сигнал қабылдау бөліміне түседі. Кезекші дәрігерлер дереу қажетті маманды шақыра алады.

21 жастағы Анна Босенко бір апта бұрын жүкті әйелдердің патология бөліміне түсті.

– Бұл менің алғашқы жүктілігім. Қант пен жоғары қысымның салдарынан мені мерзімнен бұрын ауруханаға жатқызды. Білезік өте ыңғайлы. Мен оны бірнеше рет қолдандым, өйткені ай толғақ болды. Бір-екі минуттан кейін маған көмекке келді, – деді науқас.

Жыл соңына дейін SOS жүйесін Қарағандының барлық перинаталдық орталықтарында енгізу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button