Жаңалықтар

Педофилдерге түрмеден шыққанға дейін кастрация жасалады

Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізілмек.

Онда педофилдерге түрмеден шығармай тұрып химиялық кастрация жасау көзделген.

– Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді, – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрықта.

Құжат 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button