Спорт
Павлов нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Евгения Павлов кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Мексиканың Гвадалахара қаласындағы бокс кешінде өнер көрсетті. отандасымыз мексикалық боксшы Кевин Родригес Гарсиямен жұдырықтасып, нокаутпен жеңді. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раунтта тәмамдалды. Осылайша Евгения өз мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Евгения Павлов WBA International белдігінің иесі. Сонымен қатар, Сауль «Канело» Альвареспен бір залда жаттығады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz