Руханият

Павлодарлық суретшілердің туындылары – қарағандылықтар назарында

Облыстық бейнелеу өнері музейінде павлодарлық суретшілердің «Ертіс даласы» көрмесі ашылды. Мұнда Н.Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет мұражайы қорындағы 22 автордың 134 картинасын алып келген.

– Жұмыстарды бір айдың ішінде таңдадық. Әрине, бұл бізге оңайға соқпады. Барынша туған жерге, ұшы-қиыры жоқ дала, Ертіс өзені, жалпы туған өлкенің сұлулын көрсеткіміз келді. Павлодарлық суретшілердің туындылары қарағандылықтар үшін қызық болады деген сенімдемін, – деді Н.Нұрмұхаммедов атындағы мұражай директоры Ақертіс Солтанбаев.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Мұражайлар бізге қонаққа келеді» жобасы өткізілуде. Сол жоба аясында павлодарлық суретшілердің туындылары қарағандылықтардың назарына ұсынылуда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button