Коронавирус

Пациенттердің көбі реанимацияға бірінші тәулікте түседі, бұл медициналық көмекке кеш жүгінудің белгісі – А. Ғиният

3 ақпандағы жағдай бойынша республикада коронавирустық инфекция жұқтырған жағдайы ауыр науқастардың саны 310 адамды құрады. Өсім Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді. ӨЖЖ-де 52 науқас бар. Күніне 30-дан 51 адамға дейін реанимацияға түсті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният осындай деректерді келтірді.

 

Оның айтуынша, реанимация бөлімшелеріндегі пациенттердің 60%-дан астамында жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар: қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің обструктивті ауруы, семіздік, бауыр циррозы және онкологиялық аурулар.

«Айта кетейік, 310 пациенттің 66%-і алғашқы тәулікте реанимацияға түседі, бұл көбінесе үйде өз бетінше емделуге тырысқаннан кейін медициналық көмекке кеш жүгінудің салдарынан болады. Учаскелерде COVID-19 симптомсыз, аурудың жеңіл түрімен ауыратын науқастарды амбулаториялық бақылаудың чек-парақтары, COVID-19 жұқтырған баланың жағдайын бақылау бойынша ата-аналарға арналған чек-парақтар жүргізілуі тиіс», – деп еске салды ведомство өкілі.

Басқа материалдар

Back to top button