Жаңалықтар

Патрульдің қызметін қосымша дрондар атқарады

Ашық көз деректеріне сүйенсек, аймақта жол апаты жиілеуде. Оның ішінде, Шет ауданына апаратын тас жолдың бойында адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғалары көп тіркеліпті. Облыстың полиция қызметкерлері апаттың алдын алу мақсатында демалыс күндері Республикалық маңызы бар автожолға дрондар ұшырмақ.  Ол дрондар жолдағы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, қосымша патрульдің қызметін атқарады.

 

Кейінгі алты айдың қорытындысы бойынша Шет ауданында 9 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 8 адам жарақаттаныпты. Ал, оқиғаның себебі – жол ережесінің бұзылуы. Жылдамдықты шектен тыс асырып, қарсы жолаққа шығып кеткен.  

– Шет ауданының тұрғындары мен қонақтары, жолда жүру ережелерін сақтауды сұраймыз. Белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырмай, қарсы жолаққа шықпаңыздар. Және көліктің рөліне мас күйде отырмауыңыз қажет. жылдамдықты шектен тыс асырған уақытта отбасыңыз үйде күтіп отрығандығын еске алыңыз, – деді ол жүргізушілерге Шет ауданы ІІБ ЖПҚ бастығы капитан Қуаныш Қажкеровке.

 

Аталмыш дрондар «Алматы – Екатеринбург» және «Қызылорда – Павлодар» секілді қозғалыс көп бағыттарда қосымша қолданылатын болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button