Жаңалықтар

Парызын адал атқарған

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ЭКСПО Конгресс орталығында өткен шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Байқау еліміздің тұңғыш Президентінің бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс өткізу ережесі бекітілді. Ол халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен болған салтанатты марапаттау рәсімінде «Медная компания Коунрад» ЖШС-і мен оның директоры Павел Тимофеевич Семенченкоға шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз-2022» конкурсының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша І орын жүлдесі табысталды. Аталған номинация жүлдесін – Мемлекет басшысының қолы қойылған Диплом мен «Парыз-2022» Алтын сувенир статуэткасын Павел Тимофеевичке салтанатты түрде табыс еткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Тамара Дүйсенова.

Биыл конкурсқа қатысуға 479 ұйымнан сұраныс түскен, соның ішінде 301 субъект шағын және орта бизнестікі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына 238 сұраныс түскен.

Бұл номинацияда өз кадрларын қолдауға, мүгедектерді әлеуметтік бейімдеуге және бүкіл қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырушы ізденушілердің қызметтері қарастырылады.

Конкурста Компанияның қатысуымен жүзеге асырылған келесідей жобалар атап өтілді: «Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығын» қаржыландыру, Балқаш қаласының орталық ауруханасына ПТР зертханалар сатып алу және орнату, сондай-ақ жаңа Жедел медициналық жәрдем автомашинасын сыйға тарту.

Еске сала кетейік, «Медная компания Коунрад» ЖШС-і «Сары Казна» ЖШС-мен қатар «Коунрад» Корпоративтік Қоры арқылы қайырымдылық көмекті жүзеге асырады. Бұл Қорды 2017 жылы аталған компаниялар Қоңырат шағын ауданы мен Балқаш қаласындағы қоғамның неғұрлым әлжуаз және мұқтаж өкілдеріне денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қызметтерді қаржыландыру үшін құрды.

2017 жыл мен 2021 жылдар аралығында «Коунрад» Корпоративтік Қоры қайырымдылық мақсатындағы демеушілік қызметке барлығы 283 671 161,62 теңге жұмсады. 2022 жылы (желтоқсан айына дейін) – 58 030 407,85 теңге.

2022 жылы келесідей қайырымдылық көмектер көрсетілді:

– Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды облысы Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» ҚММ-не 23 806 710 теңге сомасына жабдықтар сатып алуына.

– Қоңырат шағын ауданында 1 396 363 теңге сомасына екі аялдама кешені абаттандырылды.

– Балқаш қаласынан 5 студент-медиктің оқуын қаржыландыру жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасына қолдау білдірді. Студенттер университеттегі оқуларын аяқтағанша демеушілік жалғасады (6 жыл). Оқудың 1 жылы үшін 2 667 500 теңге төленді. Бұл бастаманы келесі жылда да қолдау жоспарлануда.

– Қыркүйек айының ортасында 5 адамнан тұратын аз қамтылған отбасының үйін абаттандыру жұмыстары басталды. Қараша айының соңында жоба аяқталды, оған 10 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалды.

– Жыл бойы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын мектепке даярлау үшін көмек көрсетілді, зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік жиынтықтары таратылды, жергілікті тұрғындардың тексерілуіне және емделуіне қаржы бөлінді. Осы өтініштер бойынша жұмсалған жалпы сома – 13 314 709 теңге.

Бұлардан бөлек Корпоративтік Қор «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ірі жобаларды жүзеге асырды:

– 2017 және 2018 жылдары қаланың орталығында және Қоңырат шағын ауданында балалардың спорттық ойын алаңдарын салды (53,5 млн. теңге).

– 2019 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үлкен жүрек» орталығының тұрғынжайына реконструкция жасалып, жарақтандырылды. 2019 жылы жазда орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған мамандандырылған балалар ойын алаңы орнатылды (50 млн. теңге).

– 2020 жылы өмірлік қиын жағдайға душар болған жандарға арналған «Шаңырақ» жанұя орталығына реконструкция жасалып, толықтай жабдықтармен және техникамен жарақтандырылды (дағдарыс орталығы, 30 млн. теңге).

– 2021 жылы Балқаш мүгедектер қоғамының тұрғынжайына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды (10 млн. теңге).

– 2021 жылдың ішінде Балқаш қаласының Орталық ауруханасына көмек көрсетілді: ПТР зертхана сатып алынып, орнатылды, дизелді генератор орнатылды, жедел жәрдем автомашинасы сатып алынды (барлығы 60 млн. теңге).

Келесі жылы Корпоративтік Қор медицина саласында абитуриенттердің гранттарын қаржыландыру бастамасын жалғастыруды, Балқаш пен Қоңырат шағын ауданындағы денсаулық сақтау және білім беру деңгейін жақсартуға қаржы салуды жоспарлап отыр.

«Медная компания Коунрад» ЖШС баспасөз қызметі

№318

Басқа материалдар

Back to top button