Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

23 қарашада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Парламент сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Қошанов бұл туралы толығырақ Президент жариялайтынын айтты.

«Әрине, осыдан кейін жаңа Үкімет құрылады. Уақытын Президент жариялайды», деді Ерлан Қошанов.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. ОСК деректеріне сәйкес, 8,3 млн қазақстандық дауыс берді. 

22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын.