Бас тақырыпРесми

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Шет ауданында жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Шет ауданында болды. Асхат Қанатұлын аудан әкімі Мұхит Мұхтаров «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектеп жобасымен таныстырды. Одан бөлек, әлеуметтік осал топтардағы тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға арнайы бірінші нарықтан сатып алынатын үйлердің құрылысын көрсетті.

 

Іс-сапар соңында Парламент Мәжілісінің депутаты аудандық мәслихат депутаттары мен «Amanat» партиясы филиалы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, ақсақалдар алқасының төрағаларымен кездесу өткізді.

 

Кездесуде халық қалаулысы еліміздегі саяси өзгерістер мен экономикалық реформаларға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, азаматтардың сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесу соңында Асхат Қанатұлы тұрғындарға жерге қатысты және басқа да мәселелердің шешімін табуына ықпал ететінін айтты.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button