Париж Олимпиадасы: Махмұд Сабырхан жарыс жолынан шығып қалды
Бүгін Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен отандастарымыздың біразы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Триатлоннан әйелдер арасындағы бәсекесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина жарыс жолынан шығып. Ол 55-орынға табан тіреп, велокезең кезінде жарысты жалғастырудан бас тартты.
Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшелері Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский де іріктеуден өте алмай қалды.
Спортшылар кіші калибрлі винтовкаамен үш позицияд нысана көздеуден (50 метр) сынға түсті. Ислам Сәтпаев 588 ұпймен – 18 орын, Малиновский 586 ұпаймен – 25 орынға тұрақтады. Ал, финалға іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы сегіз спортшы жолдама алды.
Боксшымыз Махмұд Сабырхан бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді. Испаниялық боксшы І раундта – 4:1, ІІ раундта – 5:0, ІІІ раундта 3:2 есебімен жеңді. Отандасымыз жекпе-жек туралы:
– Бұл жекпе-жекте барымды салдым. Қарсыласымның қапталдан ұрған соққылары өтіп кетті. Негізі, бір раундта 0:5 есебімен ұтылдым деп ойламаймын.
Төрешілер екі раундта да жеңісті қарсыласқа берген соң, үшінші раунд ештеңені шешпейтінін түсіндім. Алға көп бармай, күтіп алуға тырыстым.
Шыны керек, бірінші раунд бәрін құртып жібердім. Бұл раундты мен алдым деп ойлаймын. Екінші раундта да жеңілдім деп ойламаймын.
Осымен, Олимпиаданы аяқтадық. Мен қатты шаршағаным жоқ. Тек төрешілер жеңісті бермей жатқасын, үшінші раундта қарсыласты күтіп алуға тырыстым, – деді.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.