Бас тақырыпСпорт

Паралимпиададан Зарина Раифова қола жүлдегер атанды

Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ortalyq.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сурет: Туризм және спорт министрлігінен

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

«Париждегі Паралимпия ойындарына қатысып жатқан спортшылар отандастарымызды күн сайын жүлделі орындармен және тамаша нәтижелермен қуантуда. Бүгін парадзюдо құрамасы тағы да кәсіби дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандасымызды үшінші орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, спорт бәсекелерінде жеңістері мен табысы көп болсын тілеймін», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button