Спорт

Паралимпиадаға дайындық қызу

Биыл Токиода 25 тамыз-6 қыркүйек аралығында XVI Жазғы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанады. Бұл додада облысымыздың 7 атлеті спорттың үш түрінен сынға түсуі мүмкін. Бүгінде аталған додаға дайындық қызу жүргізілуде.

Облыс намысын қорғайтын жерлестеріміз Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежінде арнайы оқу-жаттығу дайындығын өткізді. Бүгінде жерлестеріміздің бесеуі лицензияға қол жеткізді. Ал, екі спортшы алдағы іріктеу кезеңінде жолдама үшін жарыс жолына шығады. Екеуі нормативті толық.

  • Спортшыларымыздың дайындығы жақсы. Нұсқауларды толыққанды орындап жүр. Биыл біздің мекеме біршама жас спортшылармен толықты.
  • Биылғы ойындарға қазірдің өзінде 5 спортшы жолдама алды, – дейді облыстық мүгедектерге арналған спорт мектебі басшысының орынбасары Жанат Жұмабеков.

Паралимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан жолдама алған Дастан Мұқашбеков тыңғылықты дайындық үстінде. Жаттықтырушылары бұл спортшы үлкен үміт күтеді. Жеңіл атлетиканың үш түрімен айналысатын спортшы алғаш диск лақтырудан Қазақстан чемпионатында күш сынаған. Аталған байрақты бәсекеде күміс медаль еншілесе, жүгіруден қола медаль иегері атанған.

  • Кезінде бұл спорт түрін теледидардан қарайтынмын. Алғашқыда ауыр атлетикамен айналысуға барған едім. Бірақ, біз секілді жандарға қиынға соғатынын айтты. Қолымнан келеді-ау деген үмітпен арнайы спорт мектебіне келіп, жеңіл атлетикаға бардым. Осы бағытта бірқатар жетістіктерге жеттім, – дейді спортшы.

Қарлығаш ҚЫДЫРОВА,

ҚарМУ-дың ІV курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button