Бас тақырыпБасты тақырып

Пайғамбар туған айда не істеген дұрыс?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша қазақстандықтарды Мәуліт айының басталуымен құттықтады. Мәуліт мерекесі биыл мұсылман күнтізбесі бойынша 3-4 қыркүйекке сәйкес келеді.
Сурет https://www.muftyat.kz
–Баршаңызды ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық пен шаттық, береке мен бірлік тілеймін. Алла Тағала баршамызды Өзінің шынайы құлы, сүйікті Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) лайықты үмбеті етсін!, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти бұл ай Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттап, сүннет амалдарын дәріптеудің, дініміздің асыл құндылықтарын ұлықтаудың берекелі мүмкіндігі екенін атады. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ айтылып, Пайғамбарға салауат жолданады және мәуліт жыры оқылады.

–Алла Тағала Құранда: «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп бұйырған. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады» деген. Тағы бір хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады, оның он күнәсін кешіреді әрі дәрежесін он есеге көтереді» деп сүйіншілеген. Демек, салауат айту – өзіміз үшін қайырлы әрі мол сауапқа жетелейтін ізгі амал. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану – Алланың разылығына жақындатар жолдың бірі, – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button