АймақЖаңалықтар
Пәтер ұрысы құрықталды
Қарағандының Орталық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен электр скутері мен зергерлік бұйымдарының жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Әйел шығынды 15,3 миллион теңгеге бағалаған.

Полицейлер көп ұзамай осы іске қатысы бар деген күдікпен оның бұрынғы сүйіктісін қолға түсірді. 34 жастағы қарағандылық азамат полиция қызметкерлеріне қылмысын мойындап, мұндай іске мүлікті әділетті түрде бөлу үшін барғанын түсіндірген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.