Пәтер кілттері табысталды
Республика күні қарсаңында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, балалар үйінің түлектеріне және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа пәтерлер кілттерін табыстады. Көп қабатты үй Майқұдық ықшам ауданындағы Белинский 1/1 мекенжайында орналасқан.
– Республика күні қарсаңында көптен күткен баспаналарыңызға қол жеткізулеріңізбен құттықтаймын. 72 пәтер иесіне амандық, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Жаңа үйлеріңізге жан толсын. Әрқашан бақыт орнасын, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, пәтер кілттері балалар үйінің түлегі Наталья Зиминаға, Күміс Алқа иегері, көпбалалы ана Ләззат Наурызбаеваға табысталды.
– Пәтер құрылысы мемлекеттік стандарттарға сай салынған. Мен 13 жыл кезекте тұрдым, төрт баламмен баспана жалдап тұрдық. Жаңа қонысқа ие болуымыз отбасылық ахуалымыздың жақсаруына жол ашады. Үйіміздің іші қуаныш пен балалардың күлкісіне толсын деп тілейміз, – дейді пәтер иесі Анаргүл Сыздықбекова.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz