Жаңалықтар

Пәтер бағасы қымбаттай ма?

«Отбасы банк» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова 2023 жылғы тұрғын үй нарығына қатысты болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

– Менің ойымша, екі тенденцияға куә боламыз. Алғаш рет ескі және жаңа жылжымайтын мүлік нарығы 2023 жылы бөлініп, олардың әрқайсысының өзіндік үрдісі қалыптасады, – дейді Ләзат Ибрагимова.

Яғни оның айтуынша, әлемде жаңа мүлік ескі жылжымайтын мүлікке қарағанда әлдеқайда қымбат. Тек біздің елде ғана олардың бағасы ұқсас.

– Орналасқан жеріне байланысты 1963 жылы салынған үйдің құны 2021 жылы салынған үймен бірдей болуы мүмкін. Алайда бұған құрылыс материалдары, технологиялар, архитектуралық тәсіл жағынан да экономикалық және қаржылық алғышарттар жоқ, – дейді «Отбасы банк» төрайымы.

Ол осы ретте елімізде 2023 жылы алғаш рет қос нарықтың бағалары алшақтайды. Ескі жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне объективті себептері жоқ деп отыр.

Басқа материалдар

Back to top button