АймақНұра

Нұра ауданында Еңбек күні аталып өтті

Еңбек күніне арналып Нұра ауданы әкімдігінің ғимаратында «Еңбек жолым – елге қызмет ету жолы» деген тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Шараға өңірдің әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, ардагерлер мен жастар қатысты. Жиынды аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ашып, еңбек адамдарына алғысын білдіріп, олардың ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Кездесуде еңбек ардагерлері өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өнегелі әңгімелер айтты.

СУРЕТТЕ: Нұра ауданы әкімдігінің ғимаратында «Еңбек жолым – елге қызмет ету жолы» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстелден көріністер.

Мереке аясында бірқатар азаматтар мемлекеттік және жергілікті атқарушы биліктің марапаттарына ие болды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Жарлығымен «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның экскаватор машинисті Нұрғали Шерниязұлы Сәттімбековке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталса, «Сарыөзен Көмір» ЖШС директоры Алексей Евгеньевич Харьков Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бір топ еңбек ардагері мен түрлі салада үздік табысқа қол жеткізген мамандарға Нұра ауданы әкімінің Алғыс хаттары берілді. Олардың қатарында Бахтияр Ташмағамбетов, Николай Кухарский, Дос Төлегенов, Михаил Иллензеер, Әсия Ахметжанова, Татьяна Дымнич, Ирина Ивочкина, Дильфуза Исмаилова, Светлана Пономаренко, Ермек Шалғымбеков, Светлана Гольштейн, Саят Ақмағамбетов, Валерий Басаргин, Серік Алтынбеков, Андрей Собченко, Марина Плешакова, Татьяна Жогова, Виктор Бычек, Андрей Сафронов бар.
Жиын соңында аудан басшысы барша еңбек адамдарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button