Оза шауып, бәйге алды
ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында өткен халықаралық ақындар айтысында қарағандылық ақын Мақсат АҚАНОВ Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, қарсыласымен сүбелі айтыс жасаған торғайлық ақын Айбек ҚАЛИЕВ I орынды, керекулік ақын Аспанбек ШҰҒАТАЕВ II орынды, шымкенттік ақын Біржан БАЙТУОВ III орынды еншіледі.
Қырғыз Алатауының баурайындағы Қыршын тау шатқалында болған жыр додасында екі елге танымал он алты ақын бағын сынапты. Еліміздің мерейін асқақтатқан Мақсат Асылмұратұлы және басқа да шайырлар көрермендерінің алдында өз өнерлерін лайықты көрсетіпті. Жан-жақтан жиылған ақындардың арасынан суырылып алға шыққан Мақсат тақырыпты жырлау, табана астындағы тапқырлығы, ұтымды қалжың, өткір әзілмен ерекшеленіпті. Бұл Арқа жұртында ақындар мектебінің сабақтастығы үзілмейтінінің куәсі деп ой түйдік.
Жүлде құтты болсын!
Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»