АймақҚарқаралы

Қоянды жәрмеңкесі жаңғырғандай…

Ұлыстың ұлы мерекесіне қатысты іс-шаралар Қарқаралы өңіріндегі барлық елдімекенде Наурызнама айдарымен атап өтілді. Көрісу күнінен басталған дүбірлі думан, Қоянды жәрмеңкесі қайта жаңғырғандай, ауданның барлық клубтары мен кітап­ханаларында, Мәдениет үйлері мен мекемелерінде жалғасты.

Алғашқы шаралар – Қарқаралының Шолпан Жандарбекова атындағы Мәдени-сауық орталығында ұйымдастырылған жас әншілердің «Жұлдызды жұп» конкурсы және 5-7 һәм 8-13 жастағы балдырған қыздар арасында өткен ұлттық киім үлгілерінің «Үкілі кәмшат» байқауы.

Алғашқы конкурсқа талантты жеті жұп жас қатысқан еді. Тартысты өткен бәсекенің соңында қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды. Ақжолдық Мирас Қайыр­бек пен Адай Серікқан, Ақтас ауылының ұстаз және шәкірт әншілері Дәурен Ыбырай мен Ілияс Керейбай, тағы да сол ауылдың өнерпаздары Айнұр Әнесова мен Арсен Болат жұптары Алғыс хатпен марапатталды. Тегісшілдік ауылының әншілері Аслан Қырғызәлин мен Аружан Зәрубай, Егіндібұлақтың таланты жастары Аслан Қабыкенов пен Ерназар Дәрібеков үшінші орынға ие болды. Ақтасты ауылының өнерпаздары Ерғанат Абрахманов пен Шыңғыс Қалымжан екінші орынға шықты. Көктас ауылының қос бұлбұлы Салтанат Сүлейменова мен Әділет Жұмабайұлы «Әкешім – Анашым» авторлық әнімен бірінші жүлдені иеленді.

Ұлттық киім күніне орай өткізілген «Үкілі кәмшат» байқауы да ойын-сауыққа құмар жұрттың ықыласына бөленді. Сәнді киімдер сайысына 16 үміткер тіркелген екен. Сұрыптаудан кейін 5-7 жас аралығындағы балдырғандар арасында Қарқаралының О.Жәутіков атындағы №1 ЖББМ оқушысы Айша Рымбек (жетекшісі Назерке Тельман, тігіншісі Баян Омарова) ІІІ орынға, сол мектептің оқушысы Елдана Баймағанбет (жетекшісі Әнел Қапаш, тігіншісі Арайлым Қыстаубай) ІІ орынға, Қарағайлы кентіндегі №16 мектептің оқушысы Айсезім Саятова (жетекшісі Нұргүл Тұрар, тігіншісі Айгүл Қалиева) І орынға жайғасты. 8-13 жастағылар байқауының соңында О.Жәутіков атындағы №1 ЖББМ оқушысы Айсана Шорманова (жетекшісі Жанерке Мұрат, тігіншісі Анар Ізбасарова) ІІІ орын, сол мектептің оқушылары Диляра Сағадат (жетекшісі Айзат Тәуекел, тігіншісі Динара Нұрмағанбетова) ІІ орын һәм Балжан Нұрғабденова (жетекшісі Балдырған Жекеева, тігіншісі Тиышбала Түсіпова) І орын иеленді.

Әңгіме болған байқауларда жүлдегер және жеңімпаз атанғандарға лайықты сый-сияпаттар жасалды.
Наурызнама бұдан әрі «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты аудандық өнер фестиваліне, басқа да мерекелік бағдарламаларға ұласты.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Сурет ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button