Ресми

Отбасылық жанжал: әкімшілік қамауға алынатындар азаймай тұр

Қарағандыда екі жылдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен полиция департаменті құрған отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықтың бір ерекшелігі тұрмыста зардап шеккендерге бір жерден ғана барлық бағытта қызмет көрсете алуында. Яғни, құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмектің барлық түрін осы орталық бере алады. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыс әкімдігінде сала мамандарымен жиын өткізіп, тәжірибені басқа да қалаларда қолдануды тапсырды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Отырысқа облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері қатысып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты көзқарастарымен бөлісті. Ал, өңір басшысы өз сөзінде:

– Өткен жылы отбасыларды қорғау және көмек көрсету жөніндегі бірыңғай орталық ашылды. Бұл оң нәтиже берді. Теміртауда, Балқашта және басқа да қалаларда осындай орталықтар құру қажет. Шығындар аз, ал, пайдасы зор, – деді .

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заңмен күшейтілгені баршаға мәлім. Ал, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов заң күшейсе де отбасында жанжал шығарып, жиі әкімшілік қамауға алынатындардың саны азаймай тұрғанын айтады.

– Күнделікті өмірдегі әрбір екінші зорлық-зомбылық мас күйінде жасалады. Көбінесе ерлі-зайыптылардың екеуі де алкогольді асыра пайдаланады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі. Агрессорға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылады. Бірақ, мінез-құлықты психологиялық тұрғыда түзету саласындағы мамандар да жанжалқойлармен жұмыс істеуі керек. Өйткені, жанжал мен зорлық-зомбылық солардан туындайды, – деп атап өтті Қайырбек Шәкенов.

Алайда, иемлекеттік және уәкілетті органдар арасында уақтылы ақпарат алмасуға қатысты мәселелер бар. Аймақ басшысы осы мәселелерді шешуді тапсырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button