Металлургтер күні қарсаңында Теміртау қаласының 6-ықшам ауданында «Темирид» ЖШС «MY KIDS» отбасылық ойын-сауық орталығының ашылу салтанатында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов болып, екіқабатты орталықты аралап көрді.

Аумағы 2700 шаршы метрді құрайтын бұл нысанның құрылысы 2024 жылы басталып, енді аяқталып, ел игілігіне ұсынылып отыр. Отбасылар мен олардың балаларына ойын-сауық пен демалыс, қоғамдық тамақтану қызметін ұсынатын халықаралық стандарттарға сай бұл жобаның жетекшісі Мейрам Қабылов та оны жүзеге асыру үшін 2 миллиард теңге жұмсаған.
Аталған жоба шеңберінде балалар мен ересектер үшін түрлі заманауи аттракциондар, үш аймақ бір жерге үштасқан форматындағы кеңістік, мейрамхана мен банкет залы, фудкорт қарастырылған. Осы нысанның ашылуымен 80 жаңа жұмыс орны құрылып, олар күніне 290, ал айына 15 адамға дейін қабылдап, қызмет көрсете алады.
Отбасылық орталықтағы негізгі белсенділік аймақтарына батуттар, төрт өрмелеу қабырғасы, арқанды парк, тюбингтер, тағы басқалары жатады. Тамақтану аймағы ашық ас үйі бар фудкорт пен панорамалық көрінісі бар мейрамханадан тұрады. Мейрамханада 5 түрлі караоке-кабина жұмыс істейді.
Құрышшылардың кәсіби мерекесі алдында пайдалануға берілген осынау орталық қаланың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың отбасымен келіп тынығып, тамақтанатын сүйікті орнына айналары сөзсіз.
Ержан ИМАШ,
«Ortalyq Qazaqstan»
ТЕМІРТАУ