Отбасы күніндегі библиошар
Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында “Отбасы – алтын діңгек” тақырыбында библиошар өткізілді.

Шара барысында кітапханашылар ұсынған шарларға жапсырылған 11 сұраққа оқырмандар жауап беруі керек болды. Мысалы, “Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?”, “Сен қандай отбасын армандайсың?”, тағы басқадай сауалдарға.
Кітапхана қызметкерлері Қазақстанның 7 кереметі туралы айтып, миға шабуыл ,аялдама ойындарын өткізіп, жұмбақтар шешкізді. Мұндағы “Пантомимо” аялдамасында оқырман ойын үнсіз, қимылмен көрсетіп, залдағы оқырмандар оның шешімін тауып отырды.
Шара соңында оқырмандармен кері байланыс орнатылып, олардың әрқайсысы үй сияқты қырқылған парақшаларға өз отбасыларына деген тілектерін жазып іліп, тақырыпқа сай жасалған көрмені тамашалады.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы