АймақБұқар жырау

Бұқар жырау ауданында үлгілі отбасылар марапатталды

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні аталып өтеді. Бұл мереке отбасы құндылықтарын дәріптеп, үлгілі шаңырақтарды қошеметтеуді көздейді.

Суреттерді түсірген Жанұзақ Макишев

 Соған байланысты бүгін Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Мерейлі мерейтой – шаттық пен сыйластықтың тойы” атты кеш өтті. Онда биыл Алтын тойларын атап өтетін Бауыржан мен Ғайшан Нұрахметовтер, Күміс той иелері Ғалымжан Балташұлы мен Айнагүл Төлеутай қызына құрмет көрсетіліп, отау үйден ордалы шаңыраққа айналған оларға Мәдениет үйі ұжымының  атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

  Көңілді кештің көркін “Құрдастар” вокальдік тобы мен жергілікті өнерпаз әншілер А.Амантайұлы, С.Халидолла, К.Мұрат қыздыра түсіп, кезінде аудан  көркемөнерпаздары қатарында болған Бауыржан Нұрахметов те домбырасын тартып,  ән салды.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button