Жаңалықтар

Отандық киноның олжасы

Қазақ киносы дүниежүзілік додада үздік марапатқа ие болды. Дәстүрлі әнші, өнертанушы жерлесіміз Ерлан Төлеутай басты рөлде ойнаған режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Франция мемлекетінде өткен 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін триумфуальды жеңіспен түйіндеді. Бірден үш аталым бойынша мәртебелі марапатқа ие болып, фестиваль жеңімпазы атанды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Атап айтқанда «Әбіл» фильмі Jury Grand Prize (қазылар жүлдесі гран-при), Critical Jury Prize (киносыншылар жүлдесі), NETPAC Jury Prize (қазылар жүлдесі – NETPAC) бойынша үздік деп танылды.

Фильмнің басы қасында жүрген шығармашылық топ өкілдерінің айтуынша, халықаралық кинофестивальде үш бас атылымды қатарынан жеңіп алу – «Әбіл» көркем фильмінің әлеуетін көрсетті.

– Бір айға жуық мерзімге созылған сапарымыз оңай болған жоқ. Десек те Еуропаның төрі – Швеция мен Даниядан және Францияның көрікті жерлерінен, тарихи орындарынан ақпарат тарата алдық. Сондай-ақ, конкурстан тыс қатысып, еуропалық премьерасын жасаған Швецияның Гетёборг және негізгі конкурсына қатысып, үш бірдей бәйгесін жеңіп алған Францияның Везуль халықаралық фестивальдерінен жүйелі репортаждар жасап тұрдық.

Осы орайда әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларымызбен үнемі бөлісіп және пікір білдіріп қолдаған жандарға алғыс білдіреміз. Қызығушылық танытқандарыңыз һәм қызу қолдағандарыңыз бізге көмек болды.
Жалпы осы жолғы сапарымызда қарапайым азаматтардың адамгершілік қолдауын жан-тәнімізбен сезіндік. Әсіресе, Швеция мен Дания және Франция­дағы отандастарымыз бен қандастарымыз бізге шын жүректен тілектестік білдірді, – деп атап өтті Ерлан Төлеутай.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button