Білім

Отандық әдебиет олжасы

Қарағандыдағы №21 негізгі орта мектепте «Оқырман. Отбасы. Театр» шығармашылығы, сондай-ақ «Балалар кітапханасы» бағдарламасының аясында шара өтті. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы бойынша театрландырылған қойылым қойылды.

Көрнекі шарамыз ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, сондай-ақ, жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталды.

Сонымен қатар, сахналық қойылым қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде, классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуға мүмкіндік туғызды. Балалардың айтуынша сценарий жазылып, шығарманы суреттеу оларға қатты ұнады. Театрландырылған қойылым арқылы кітап оқуды өзімізге азық қылып алдық. Шығармаларды оқып, кітап беттерін сахнада сөйлеттік. Шара оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды біріктіріп, оқу мен шығармашылық арқылы отбасы құндылықтарын нығайтты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша кешенді жоспардың бір бөлігіне айналды.

Сандигүл ИСИНА,
№21 негізгі орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Қарағанды

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button