АймақҚарқаралы

Қосымша мал азығын әзірлеуде

Былтыр Қарқаралы ауданында жауын-шашын аз, жаз ыстық болуы салдарынан қыстық мал азығын дайындау қиынға соғып еді. Шаруа қожалықтары жылдағы шабындықтарынан қажетті көлемдегі шөбін ала алмағандықтан, шалғай жерлерден тірнектеп жинап тасуға, кейбірі едәуір қаражат шығындап, сатып алуға мәжбүр болды.

Суреттер: аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен

Биыл шөп шығымы жақсы. Қысқа әзірлік науқаны да жақсы жүріп жатыр. Дегенмен, «Сақтықта қорлық жоқ», мал басын көбейтіп, өрісін кеңейтіп жатқан бірқатар шаруашылық құрылымдары биылдан бастап бір жылдық шөп тұқымын егуді ерте бастан қолға алған болатын. Қосымша мал азығы артық болмайды. Атап айтқанда, Ынталы, М.Мамыраев, Н.Әбдіров, Бесоба ауылдық округтеріндегі «Ынта», «Ерлан», «Айбол», «Жалықпас», «Атамекен», «Ердос», «Қамқорлық» және тағы да басқа шаруа қожалықтары иеліктеріндегі жер аумақтарына бір жылдық судан шөбін екті.

– Судан шөбі – бір жағынан өсімтал, екінші жағынан қыс айларында малға таптырмас азық. Былтыр көрген қиындықтарымыздан сабақ алып, биыл біршама жерге судан шөбінің тұқымын ектік. Үмітіміз ақталып, өнім бітік шықты. Жайлы күн райын пайдаланып, тап-тұйнақтай етіп орып та алдық, – дейді «Ерлан» шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Мұса.

Сондай-ақ, «Берік» шаруа қожалығы мал азығына қарақұмықтың тұқымын егіп, бұл күндері егістігі жайқалып тұр.

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында 884 шаруа қожалығы, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар Қарқаралы ауданында биыл 348 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Аудан әкімінің орынбасары Б.Тоқмурзин мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Қасымов осы күндері округтердегі мал азығын даярлау жұмыстарының қызу ортасына барып, науқан барысына, шаруа­шылықтардың қыс мезгіліне әзірлігіне бақылау жасап келеді.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button