Қостанайдағы оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр, – деп хабарлайды Аlau.kz.
Сот отырысы барысында Сергей Клепиков қызын өлтірген күні не болғанын айтып берді.
“Жұмыстан кейін шамамен сағат 19.00-де досыммен бірге сыра іштік. Сосын үйлерімізге қайттық. Үйге келіп, қызыммен амандасып, жоғарыға қарай көтерілдім. 15-20 минуттай демалып жаттым. Сосын төменге түсіп, не болғанын білмеймін, қолыма пышақ алып, қызыма қарай жүгірдім. Мені кешірмеу керек, өзімді өлтіріп тастағым келеді”, – деді сотталушы.
Сондай-ақ, Клепиков қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Айтуынша, олардың арасында ешқашан ұрыс болмаған. Бүкіл жалақысын тек қызына жұмсаған. Мұнымен қоса, ер адамның 2004 жылы қыздың анасын өлтіргені белгілі болады. Олар сол кезде ажырасқан екен.