Бас тақырыпРесми
ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, сайлаушылардың 70,76 %-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берген.
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген сайлаушылардың 77,4 %-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы:
Жамбыл Ахметбеков – 167 249 – 1, 82 %;
Дания Еспаева – 478 153 – 5, 2 %;
Әміржан Қосанов – 1 472 733 – 16,02 %;
Төлеутай Рахымбеков – 294 271 – 3,2 %;
Амангелді Таспихов – 190 304 – 2,07 %;
Касым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 – 70, 76 %;
Сәдібек Түгел – 84 348 – 0, 92 %.