АймақОсакаров

Осакаровкада жаңа фельдшерлік пункт ашылды

Осакаров ауданы Озерный ауылында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Заманауи ғимарат 800-ге жуық жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ашылу салтанатына Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова мен аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов арнайы қатысты.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Пунктке бір ауысымда 25 емделуші ем ала алады. Мұнда пациенттерге шұғыл, жоспарлы және тез қызмет көрсету үшін барлық қажетті құрылғылар бар.

– Бұрынғы үш кабинетті екі қабатты пункт ғимараты 1976 жылы салынған еді. Пешпен жылытылады. Пациенттер мен қызметкерлер үшін де қажетті жағдай жасалынбаған. Енді жаңа ғимарат электр қуатымен жылытылады. Су және кәріз жүйесі орталықтандырылған. Барлық кабинеттерде ыстық су бар. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға да бейімделген, – деді Осакаров аудандық ауруханасының директоры Ольга Травнева.

Жаңа ғимарат ЭКГ аппараты, дефибриллятор алынып, интернет тартылған. Әрі толық жиһазбен жабдықталған. Жеке зертхана, қабылдау және процедуралық-егу кабинеті, күтуге арналған орын мен гардероб бар. Келер жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында ауданда бес жаңа медициналық нысан салу жоспарлануда. Оның ішінде төрт медициналық пункт пен медициналық амбулатория бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button