АймақБас тақырыпБасты тақырыпОсакаровСпорт

Осакаровка кентінде Халықаралық қарттар күніне арналған жарыстар өтті

Осакаровка кентіндегі спорттық-сауықтыру кешенінде Халықаралық қарттар күніне арналған аудандық жарыстар өтті. Ардагерлер арасында өткен додада қатысушылар шахмат, асық ату, дартс, дойбы және үстел теннисі сынды бұқаралық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Суреттер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінен

Әр спорт түрінде бақ сынаған ардагерлер жеңіс жолында бар күш-жігерін жұмсап, жас ұрпаққа өнеге көрсетті. Шахматтан Молодежный кентінен Ерік Жүнісов озық шығып, қарсыластарына ой ұшқырлығын танытты. Асық атуда Маржанкөл ауылынан келген Ақыл Елешов мергендігімен дараланды.

Дартс бәсекесінде нәзік жандылар арасында Нелли Колчева (Озерное ауылдық округі), ерлер арасында Василий Шестопалов (Молодежный кенті) үздіктер атанса, дойбыдан шеберлігін дәлелдеген Анна Ригерт (Молодежный) пен Ораз Түсіпов (Жұлдыз ауылдық округі) қарсыластарына дес берген жоқ.

Ал үстел теннисінде жеңіс тұғырына Анна Ригерт пен Қажымұрат Жапаров (Осакаровка кенті) көтерілді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі марапаттады.

Жарыстың әрбір сәті қарттардың қажыр-қайратын, өмірге құштарлығын паш етіп, жастарға үлгі боларлық өнегеге айналды. Осындай игі шаралар үлкенге құрмет қана емес, спорт арқылы ұрпақтар сабақтастығының бір жарқын мысалы деуге болады.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Back to top button