АймақБас тақырыпҚарағанды

Осакаров ауданында су шайып кеткен жол қалпына келтірілді

Күртік қардың күрт еруі салдарынан Қарағанды облысында бірнеше жолды су шайып кетті. Осындай апатты учаскелердің бірі Осакаров ауданы Қаракөл ауылының маңындағы тас жолы еді. Бүгін жол қалпына келтіріліп, өткел ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

Сурет пен видео: ТЖД

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні облыстық маңызы бар Осакаров ауданы Қаракөл ауылының маңындағы тас жолдың 62-ші шақырымын су шайып кеткен болатын. Осыған байланысты бағыттың бір бөлігі жабылды. Су толып кеткен жерде жол қауіпсіздігін ескертетін белгілер қойылып, ПБ және жол ұйымының қызметкерлері кезекшілікте болды. Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда жол қалпына келтірілген.

–  Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы су шайған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды. 28 наурыз сағат 13:00-ден бастап аталған учаскеде қозғалыс ашық, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button