Бас тақырыпБасты тақырыпОсакаров

Осакаров ауданында әскери органдар күні аталып өтті

Осакаров ауданының орталығында жергілікті әскери басқару органдары күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, елдің әскери жүйесін дамытуға зор үлес қосып жүрген әскери қызметшілерді арнайы құттықтады. Қазақстан әскерінің қатарында қызмет ету – әрбір азаматтың абыройлы парызы екені атап өтілді.

Суретті түсірген автор

Шара барысында әскери комиссариат қызметкерлерінің еңбегіне айрықша назар аударылды. Себебі, дәл осы сала мамандары әскерге шақыру, қарулы күштерді жасақтау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында маңызды жұмыстар атқарады. Жас сарбаздарды азаматтық борышын абыроймен орындауға ынталандыру мен даярлауда олардың еңбегі мен ықпалы зор.

Әскер – мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік қалқан. Әскери қызмет тек кәсіби дайындық қана емес, сонымен бірге елге адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі екені даусыз. Сондықтан, сарбаздардың әрбір қадамы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағына қосылған үлес саналады.

Мерекеге орай бірқатар әскери комиссариат қызметкерлері мен ардагерлер алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың ортақ іске қосқан үлесі мен міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген еңбегі атап өтілді. Салтанат аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Осакаровка кентінде өткен шара еліміздің қорғаныс жүйесінде қызмет етіп жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет болды.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Back to top button