АймақБас тақырыпБасты тақырыпОсакаров

Осакаров ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін арттыруға арналған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске асырылуда. Жаңа бөлім Осакаров ауданы, Жұлдыз ауылында құрылған.

Суреттер облыс әкімдігінен

Жаңа пункт ғимараты барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда өрт сөндіру автоцистернасы, инженерлік техника және байланыс құралдары бар, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Өрт техникасы арнайы боксқа орналастырылса, қызметкерлерге демалыс бөлмесі, асүй және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button